2026-2028 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының
3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
6-бабына, Ырғыз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» №281 шешіміне сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 55 328  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 324  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 000  мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер  түсімдері   – 46 004 мың теңге;

2) шығындар – 55 328  мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –  0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –

0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі –  0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №281 «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес 2026 жылға аудандық бюджеттен Аманкөл ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция 46 004 мың теңге сомасында көзделді.

                                                                                    00297*

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат

төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

 

 

 

   

 

Шешім
Дата публикации
16 января 2026