Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №193 «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №193 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 149 687,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 106,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 339,7 теңге;

трансферттер түсімі – 139 201,7 мың теңге;

2) шығындар –  154 875,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –- 5 188 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
-5 188 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 188 мың теңге.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын

«5. 2025 жылға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен аңымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

                                                                              00294*

елді мекендерді абаттандыруға – 56 685,4 мың теңге;

елді мекендерді көшелерін жарықтандыруға – 3 323 мың теңге;

жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге – 2 526,3 мың теңге;

жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға – 4 521 мың теңге.»

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

    төрағасы:                                                  М.Турымов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
16 января 2026