Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №192 «2025-2027 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №192 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 72 366,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 080 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 187,4 мың теңге;

трансферттер түсімі – 64 059 мың теңге;

2) шығындар – 72 496 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -129,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
129,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 129,6 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2025 жылға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік органның күрделі шығыстарына – 17 360 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 3 245 мың теңге;

жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге - 2072 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. 3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

 

 

Аудандық мәслихат 

          төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

 

 

 
Шешім
Дата публикации
16 января 2026