|
№ |
Қаралатын мәселелер |
Уақыты |
Хабарламашы |
|
1 |
Қоғамдық кеңестің 2026 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы |
қаңтар |
Қоғамдық кеңес төрағасы
|
|
2 |
1. Ауданның жергілікті бюджетінің 2026 жылғы кіріс және шығыс бөлігінің атқарылу барысы туралы
2. Ауданның жергілікті бюджетінің 2026 жылға бекітілген кіріс және шығыс бөлігінің жоспары туралы
3.Аудан халқына медициналық қызмет көрсетудегі аудандық орталық аурухананың қызметі туралы
4. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың – 2025 жылға және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген жаңа Салық Кодексіне байланысты өзгерістер және арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын салық төлеушілер туралы жүргізілген жұмыстар барысы |
ақпан |
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы
Аудандық экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Аудандық аурухананың бас дәрігері
Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы |
|
3 |
1.Аудандағы су тасқынын алдын алуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы
2. Ауданда 2026 жылы мал шаруашылығындағы басым бағыт – қой шаруашылығын оның ішінде асыл тұқымды қой шаруашылығы және ірі қара мал басын өсіру оның ішінде асыл тұқымды ірі қараны дамытуға инвестициялық жобаларды іске асыруға жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
3. Қ.К.Тоқаевтың – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің II – форумында берген тапсырмаларын жүзеге асыруда ауданда мал шаруашылығын дамытудағы ветеринариялық қызметтің көрсетілуі жайлы және бірдейлендірілген мал басының нақты санының тіркелуі туралы |
наурыз |
Аудан әкімінің орынбасары
Аудандық кәсіпкерліктің және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Ырғыз аудандық ветеринариялық стансасының директоры |
|
4 |
1. Ырғыз ауылындағы тазалық мәселесі және ауыл жанындағы күл-қоқыс полигонының жай-күйі жайлы
2. Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен салынудағы құрылыс нысандарының және жолдар мен көшелердің жай-күйі, орындалуы
3. Ауданның білім беру саласындағы 2025-2026 оқу жылы оқу-тәрбие жұмыстарының атқарылу барысы
4. Ырғыз ауданының елді мекендерін ауыз сумен қамту мәселесі туралы
|
сәуір |
Ырғыз ауылдық округінің әкімі
Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Аудандық білім бөлімінің басшысы
«Су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры |
|
5 |
1.Ырғыз ауданы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның орындалуы туралы |
мамыр |
«Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ «Ырғыз ауданының мансап орталығы» филиал басшысы |
|
6 |
1.Ауданның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы және (бюджеттік бағдарламалар жобалары, стратегиялық жоспарлардың, аумақтарды дамыту бағдарламалары жобалары) туралы |
маусым |
Аудандық экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы |
|
7 |
1.Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға байланысты 2026 жылға атқарылатын міндеттер және (атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есебі) |
шілде |
Аудан әкімі
|
|
8 |
1.Ауылдық округтердегі тек тұрғындар тарапынан көтеріліп жатқан мәселелер және олардың шешілу барысы туралы
|
тамыз |
Ауылдық округ әкімдері
|
|
9 |
1.Аудандағы әлеуметтік нысандардың қысқы кезеңдер мен жылыту маусымына дайындығы жайлы (қоғамдық тыңдау)
|
қыркүйек |
Аудан әкімінің орынбасары
|
|
10 |
1.2025-2026 жылдары қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субьектілері, ауылда жаңа кәсіпкерлік субьектілерін құру туралы
|
қазан |
Аудандық кәсіпкерліктің және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
|
|
11 |
1.Ауылдық округтердегі бюджеттің орындалу барысы туралы
|
қараша |
Ауылдық округ әкімдері |
|
12 |
1.Аудан бойынша құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы
|
желтоқсан |
Аудандық полиция бөлімінің бастығы
|
|
13 |
Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау
|
кезінде |
Жоба ұсынушылар |