2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабының
3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
6-бабына, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы «Облыстық бюджет пен Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» №273 шешіміне сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер –   4 453 876 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 859 300 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 75 415 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 000 мың теңге;

трансферттер  түсімдері   – 3 513 161  мың теңге;

2) шығындар –  3 919 803 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу – 56 534 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 90 825 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 34 291 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0  теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 477 539 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 477 539 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі –  90 825 мың теңге;

қарыздарды өтеу –  568 364 мың теңге.

  1. Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы «2026– 2028

                                                                             00281*

жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №298 шешіміне сәйкес 2026 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция 1 906 662 мың теңге сомасында көзделді.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 294 340 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ырғыз –  45 399 мың теңге;

Аманкөл – 46 004 мың теңге;

Қызылжар – 77 358 мың теңге;

Құмтоғай –  39 088 мың теңге;

Нұра –  29 792 мың теңге;

Тәуіп –  31 983 мың теңге;

Жайсаңбай –  24 716 мың теңге.

  1. 2027 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 297 863 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ырғыз –  50 794 мың теңге;

Аманкөл – 46 296 мың теңге;

Қызылжар – 76 311 мың теңге;

Құмтоғай –  38 963 мың теңге;

Нұра –  29 043 мың теңге;

Тәуіп –  31 650 мың теңге;

Жайсаңбай –  24 806 мың теңге.

  1. 2028 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі 295 814 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ырғыз –  48 380 мың теңге;

Аманкөл – 46 506 мың теңге;

Қызылжар – 76 535 мың теңге;

Құмтоғай –  38 725 мың теңге;

Нұра –  29 073 мың теңге;

Тәуіп –  31 754 мың теңге;

Жайсаңбай –  24 841 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсетіні ескерілсін:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 90 825 мың теңге.

Аталған кредиттердің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

көлік инфрақұрылымын дамытуға - 670 229 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға- 20 950 мың теңге;

көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 893 425 мың теңге;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін қолдануды ұйымдастыруға – 1 932 мың теңге;

халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға- 19 963 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 8. Аудандық бюджет шығыстарында осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемі ескерілсін.
  2. Ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарында осы шешімнің  5-қосымшасына сәйкес 2026-2028 жылдарға аргалған жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемі ескерілсін.
  3. 2026 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 25 145 мың теңге болып бекітілсін.
  4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудандық мәслихат

                  төрағасы:                                                          М.Турымов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
12 января 2026