«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 11 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі бекітілсін:
- Аудандық мәслихат төрағасының есебі.
Хабарламашы: Аудандық мәслихат төрағасы.
- Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №181 «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «2026-2028 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы».
- Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Хабарламашы: Г.Жансүгірова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мекемесінің жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы.
Хабарламашы: И.Жакенов - Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары.
- Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №117 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Бектұрғанова – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
00278*
- Ырғыз ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы.
Хабарламашы: М.Әттиев – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
- «Ырғыз ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы №107 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
9.Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 17 ақпандағы №203 «Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Ырғыз аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы».
- «Аудандық мәслихаттың кезекті қырық бірінші сессиясының күн тәртібін белгілеп бекіту туралы».
Хабарламашы: С.Дербісалин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов