Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №197 «2025-2027 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №197 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 24 498 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 841 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 21 647 мың теңге;

2) шығындар – 27 544,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 046,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
3 046,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 046,9 мың теңге».

4-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "4-1. 2025 жылға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

 

00277*

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға - 760 мың теңге;  еңбекақы төлеуге  - 1 100 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.".

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Аудандық мәслихат 

          төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

 

Шешім
Дата публикации
19 ноября 2025