Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 6 072 231,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 234 132,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 13 095 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 372 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 4 815 631,8 мың теңге;
2) шығындар – 7 635 440,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 34 446 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 432 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 597 654,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 597 654,8 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 598 951 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 30 432,4 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1029 136,2 мың теңге.»;
00265*
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 21 015 мың теңге ;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 59 607 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 59 856 мың теңге;
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға - 1 073 059 мың теңге.
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге - 27 556 мың теңге;
Күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтерге - 24 568 мың теңге;
зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығына – 30 284 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға- 138 400 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
елді мекендерді абаттандыруға – 162 982,5 мың теңге;
мемлекеттік органның күрделі шығындарына –34 880 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға –10 583 мың теңге;
жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге –4 637,4 мың теңге;
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға – 4 521 мың теңге;
еңбекақы төлеуге – 1 101 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Аудандық бюджетте мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 2025 жылға жергілікті атқарушы органның кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрған үйді сатып алуға 534 073 мың теңге қарыздар түсімі көзделсін.
Аталған қарыздар түсімінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |