Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4-1. 2025 жылға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға - 760 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |