Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №195 «2025-2027 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №195 «2025-2027 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2және 3 қосымшаларғасәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 74 669,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 127 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 410 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 539 мың теңге;

трансферттер түсімі – 64 593,1 мың теңге;

2) шығындар – 76 666,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 997 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 997 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 997 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

                                                                              00260*

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

               Аудандық мәслихат

                      төрағасы:                                                  М.Турымов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
30 сентября 2025