«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 және 21-1 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ырғыз аудандық ауруханасының бас дәрігері Ж.Дербіске және Ырғыз ауылдық округінің әкімі Н.Жұбаназаровқа жолданған №2 сайлау округі бойынша депутат Н.Таңқаевтың депутаттық сауалдары назарға алынсын.
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 21-1 бабымен белгіленген мерзімде жауап ұсыну үшін, «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» ММ-сі депутаттық сауалды үш күн мерзім ішінде жолдасын.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов