Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №117 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ырғыз аудандық мәслихатының «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы №117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8545-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы.»;

көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі бойынша:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы.»;

Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:

4 – тармағынның 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«4.Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;

9 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»;

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы

 

М. Турымов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 17.09.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 36863 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Иргизского районного маслихата - Руководитель аппарата Ерғазы Абатұлы Сермағанбетов, 15.09.2025 17:54:57, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Иргизского районного маслихата - Председатель маслихата Марат Орынжайұлы Турымов, 15.09.2025 17:56:29, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Шешім
Дата публикации
29 сентября 2025