Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №181 «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №181 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

   «1. 2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 5 771 291,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 075 877,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  8 711 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 756 мың теңге;

трансферттер  түсімдері  – 4 682 946,8 мың теңге;

2) шығындар – 6 800 427,5 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредит беру – 34 446 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 432 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0  теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -1 063 581,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 063 581,8 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 64 878 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 30 432,4 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 029 136,2 мың теңге.»;

7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

                                                                             00248*

«7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 2 804 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 44 013 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 7 746 мың теңге;

халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 13 335 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 438 693 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 1 421 896 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:

елді мекендерді абаттандыруға – 162 982,5 мың теңге;

 мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 34 880 мың теңге;

 елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 10 083 мың теңге;

 жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге – 4 637,4 мың теңге;

 жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға – 4 521 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. 2025 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 73 488 мың теңге болып бекітілсін.».

  1. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Аудандық мәслихат

                   төрағасы:                                                                 М.Турымов

 

 

 

Шешім
Дата публикации
29 сентября 2025