Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006 жылы 18 қаңтардағы №19 Жарлығы мен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6,7 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі Н.Қызбергеновтің есебі бекітілсін.
- Округ әкімдеріне, аудан әкімдігінің бөлім басшыларымен және басқа да мүдделі органдармен бірге, ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласын одан әрі дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов