Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 5 748 948,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 009 521,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 8 711 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 756 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 4 726 959,8 мың теңге;
2) шығындар – 6 778 084,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 34 446 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 432 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 063 581,8 мың теңге;
00233*
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 063 581,8 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 64 878 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 30 432,4 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1029 136,2 мың теңге.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 2 804 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 88 026 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 7 746 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 13 335 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 438 693 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 1 421 896 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8.2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 21 015 мың теңге ;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 59 607 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 59 856 мың теңге;
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға - 1 073 059 мың теңге.
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге - 27 556 мың теңге;
Күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтерге - 24 568 мың теңге;
зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығына – 30 284 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға- 5 715 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
елді мекендерді абаттандыруға – 162 982,5 мың теңге;
мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 34 880 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға- 10 083 мың теңге;
жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге- 4 637,4 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
11-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«11. 2025 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 61 052 мың теңге болып бекітілсін..».
|
|
|
|
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов