Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №193 «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №193 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 143 264,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 505 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 134 719,8 мың теңге;

2) шығындар –  148 452,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 188 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 5 188 мың теңге, оның ішінде:

 

                                                                              00239*

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 5 188 мың теңге.»;

        5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «5. 2025 жылға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

         елді мекендерді абаттандыруға - 56 685,4 мың теңге;

         елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға - 3 323 мың теңге;

         жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге - 2 565,4 мың теңге.

        Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».                                                                          

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

               Аудандық мәслихат төрағасы:                                                  М.Турымов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешім
Дата публикации
05 августа 2025