«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 69 143 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 789 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 63 314 мың теңге;
2) шығындар – 69 272,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
Қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -129,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 129,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 129,6 мың теңге.»;
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
00238*
«5. 2025 жылға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік органның күрделі шығыстарына – 17 360 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға - 2500 мың теңге;
жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге - 2072,0 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |