Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №196 «2025-2027 жылдарға арналған Тәуіп ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Тәуіп ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №196 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тәуіп ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 33 123 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 001 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 26 112 мың теңге;

2) шығындар –  37 074,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  –  0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 3 951,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
3 951,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

 

                                                                             00242*

 

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 951,9 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат           төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

Шешім
Дата публикации
05 августа 2025