Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №191 «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округбюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №191 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 219 553,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 56 421 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 90 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 14 762,1 мың теңге;

трансферттер түсімі – 146 620 мың теңге;

2) шығындар – 234 316 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 14 762,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 14 762,1 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

                                                                             00237*

 

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 14 762,1 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

«4-1. 2025 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

көше жолдарын орташа жөндеуге – 27 556 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2025 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

елді мекенді абаттандыруға - 66 820 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат           төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

Шешім
Дата публикации
05 августа 2025