Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабының 2-тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы  № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 тіркелген)  бұйрығына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Ырғыз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:                    

  1. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылындағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Смағұл Кенжехановтың және Сәдуақас Қалтаевтың есімдерін беру туралы ұсыныстар мақұлдансын.
  2. Осы ұсыныстар Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

 

          Ырғыз ауданының әкімі                                                     Н. Қызбергенов                                

          Ырғыз аудандық

           мәслихатының төрағасы                                                   М. Турымов

        

Шешім
Дата публикации
05 августа 2025