2024 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  6 бабына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 132-бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты                       ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ауданның 2024 жылғы бюджетінің орындалуын қорытындылай келе бюджеттің кірістер бойынша сомасы 7 965 412,3 мың теңге, шығындар бойынша сомасы 8 099 466,2 мың теңге,таза бюджеттік кредит беру 30 183,3 мың теңге, бюджет тапшылығы – 164 237,2 мың теңге және бюджет тапшылығын қаржыландыру 164 237,2  мың теңге, жыл аяғындағы бюджет қаржысының қалдығы 1 058 875,4 мың теңге болып бекітілсін.

 

 

 

 

Аудандық мәслихаттың

            төрағасы:                                                           М.Турымов

 

                          

  

Шешім
Дата публикации
05 августа 2025