Аудандық мәслихат депутаты Баймұханов Абат Қуантқанұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  20 бабына және аумақтық сайлау комиссиясының қаулыларына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «AMANAT» партиясынан ұсынылып №1 сайлау округінен сайланған депутат Баймұханов Абат Қуантқанұлының өкілеттіктігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
  2. Баймұханов Абат Қуантқанұлы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы құрамынан шығарылсын.

 

 

 

    Аудандық мәслихат

            төрағасы:                                                                             М.Турымов

 

Шешім
Дата публикации
05 августа 2025