Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  11 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясының жалпы отырысының  күн  тәртібі  бекітілсін:

    1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №56 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      Хабарламашы: Г.Бектұрғанова – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы №18 «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.

     Хабарламашы: С.Дербісалин – аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы.

         Аудандық мәслихат

                   төрағасы:                                                                 М.Турымов

 

 

00217*

Дата публикации
15 мая 2025