Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-1 тармақшасы және 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №262 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген «Ақтөбе облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын берудің Қағидалары туралы Ережеге сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауданының «Құрметті азаматы» атағы Тілеуғабылов Қажымұқан Ақшыманұлы, Махаев Сейтқұл, Молдиманов Хамит Молдиманұлына берілсін.
2. «Ырғыз ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген азаматқа куәлік беру, төс белгімен марапаттау және өзгеде жеңілдіктерді көрсетіп отыру аудан әкімі аппаратына жүктелсін.
Аудандық
мәслихат төрағасы: М.Турымов
00216*