«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 11 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының жалпы отырысының күн тәртібі бекітілсін:
- Білім саласының өзекті мәселелері туралы.
Хабарламашы: Д.Ысқақов – аудандық білім бөлімінің басшысы.
- Ырғыз ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау туралы.
Хабарламашы: С.Имантаев – Ырғыз аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы.
- Ырғыз аудандық мәслихатының аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №181 «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Жансүгірова – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
4. Аудандық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы
Хабарламашы: М.Бердалин - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
- Сайлау комиссиялары құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Ырғыз аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 11 мамырдағы №18 «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
00199*
- Аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясының күн тәртібін белгілеп бекіту туралы.
Хабарламашы: С.Дербісалин – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы.
Аудандық мәслихат
төрағасы: М.Турымов