Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 7 143 715,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 965 453,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 8 711 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 756 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6 165 794,8 мың теңге;
2) шығындар – 8 172 851,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 34 270 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 608 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 063 405,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 063 405,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 64 878 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 30 608,4 мың теңге;
00215*
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 029136,2 мың теңге.».
|
|
|