Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №191 «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №191  «2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 204 610 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 56 421 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 90 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 теңге;

трансферттер түсімі – 146 099 мың теңге;

2) шығындар – 207 110 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 500 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 500 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 500 теңге.»;

 

                                                                                 00210*

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат           төрағасы:

 

 

М.Турымов

 



Дата публикации
28 февраля 2025