Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 7 104 674,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 926 412,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 8 711 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 756 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6 165 794,8 мың теңге;
2) шығындар – 8 133 810 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 34 270 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 608 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 063 405,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 063 405,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 64 878 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 30 608,4 мың теңге;
00202*
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 029 136,2 мың теңге.»;
4-тармақ алынып тасталсын;
7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 2 804 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 88 026 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 7 746 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 12 589 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 438 693 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 1 421 896 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге - 60 015 мың теңге ;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға - 55470 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 59 856 мың теңге;
көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға - 2 073 059 мың теңге.
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 410 433 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге - 27 556 мың теңге;
Күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қиын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтерге - 24 568 мың теңге;
Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету аумақтық орталығына – 30 284 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
9- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2025 жылға арналған аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ауылдық округтер бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 664 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге - 27 556 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
10- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2025 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
елді мекендерді абаттандыруға – 170 575 мың теңге;
мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 34 960 мың теңге;
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
11- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2025 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 662 052 мың теңге болып бекітілсін.».
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |