Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық Кеңестер туралы» №383-V Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Аудандық деңгейде құрылатын Қоғамдық Кеңестің құрамына коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылатын кандидаттардың және жеке азаматтардың құжаттарын қабылдап жинақтау және өңдеу үшін мына құрамда жұмысшы тобы құрылсын:
Турымов Марат Орынжайұлы – аудандық мәслихат төрағасы, топ
жетекшісі
Құлтазина Лиза Чапайқызы – аудандық мәслихат аппаратының
бас маманы, жұмысшы тобының
хатшысы
Дуанбеков Мирхан – Ырғыз аудандық ардагердер
кеңесінің төрағасы, топ мүшесі
Итібаев Болат Мырзабекұлы – аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы,
топ мүшесі
Тұртаев Ақалмас Қанатбайұлы – аудан әкімі аппаратының
басшысы, топ мүшесі
Шахин Еркебұлан Аққанатұлы – ХҚКО директоры,
топ мүшесі
Ырғыз аудандық
мәслихатының төрағасы: М.Турымов