Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы;
Пошталық мекен жайы: индекс: 030400, Ырғыз ауылы, Абай көшесі №96, №32 кабинет, Электрондық пошта адресі: irgizmaslikhat@mail.ru
Анықтама үшін телефондар: 79-0-21 және 79-0-23.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2025 жылдың «15» қаңтарынан «22» қаңтарына дейін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Құжаттарды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар жазбаша түрде Ырғыз ауылы, Абай көшесі №96, №32 каб. мекен-жайы бойынша, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынады.