Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №85 «2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы»  2023 жылғы 25 желтоқсандағы №85 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 4 904 081 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 903 439,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 877 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 625 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 987 139,9 мың теңге;

2) шығындар – 6 070 349,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 32 149 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 58 261 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 112 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –  0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -1 198 417,7 мың теңге;

    6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                                   1 198 417,7 мың теңге;

қарыздар түсімі – 58 261 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 26 112 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 1 166 268,7 мың теңге.»;

 

                                                                             00175*

7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 5 500 мың теңге;

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 2 804 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 503 467 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 267 726 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 812 822 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады..»;

8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 18 288 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 28 732 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 320 019 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 133 186 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 323 648 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 22 887 мың теңге;

байланыс желілерінің құрылысына – 26 612 мың теңге;

ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға – 33 556 мың теңге;

ауданның коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыруға - 9 455 мың теңге;

өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекке - 37 429,6 мың теңге;

аудандық  ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларға – 84 285,4 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;

11- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. 2024 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 266 344,8 мың теңге болып бекітілсін.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

  Аудандық мәслихат   

           төрағасы:        

 

 

М.Турымов                     

 

 

 



 

Дата публикации
20 декабря 2024