Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы №98 «2024-2026 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ШЕШТІ:

1.Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 98 «2024-2026 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»  шешіміне  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 96 179,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7491 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 88 648,5 мың теңге;

2) шығындар – 96 448,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

Қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 268,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 268,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 268,9 мың теңге.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 

00168*

«5. 2024 жылға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

        елді мекенді абаттандыруға – 49 182,5 мың теңге;

       елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 2 892 мың теңге;

       еңбекақы төлеуге – 1 205 мың теңге.

        Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Аудандық мәслихат

         төрағасы:

 

 

 

М.Турымов

 



 

Дата публикации
18 ноября 2024