Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы №101 «2024-2026 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы №101 «2024- 2026 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 58 874,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 990 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 20 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 53 864,7 мың теңге;

2) шығындар –  71 320,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 445,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
12 445,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 445,9 мың теңге.»;

                                                                           00152*

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2024 жылға арналған Нұра ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 113 мың теңге;

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

« 5. 2024 жылға арналған Нұра ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға – 19 850 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 1 600 мың теңге;

еңбекақы төлеуге – 1 046,7 мың теңге;

мемлекеттік органның күрделі шығыстарына – 1 600 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат  төрағасы:

 

 

М.Турымов

 

 

 

 

Дата публикации
14 августа 2024