Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 99 «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 99 «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 445 331,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 227 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 438 074,3 мың теңге;

2) шығындар –  446 466,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 134,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 134,8 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 134,8 мың теңге.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

« 4. 2024 жылға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

                                                                                  00151*

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 240 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 320 019 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.»

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

               Аудандық мәслихат

                  төрағасы:                                                  М.Турымов

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 августа 2024