ШЕШТІ:
1.Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 97 «2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 153 850 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 44310 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 15 927 теңге;
трансферттер түсімі – 93 513 мың теңге;
2) шығындар – 164 414,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10564,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
10 564,3 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 564,3 мың теңге.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
00150*
«5. 2024 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық
бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
елді мекенді абаттандыруға – 36 785 мың теңге;
жол белгілерін орнатуға – 845 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |