ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 4 839 753,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 928 735 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 890 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 625 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 897 503,5 мың теңге;
2) шығындар – 6 140 544,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу –34 806 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 60 918 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 112 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -1 335 396,7 мың теңге;
6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 335 396,7 мың теңге;
қарыздар түсімі – 60 918 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 26 112 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 166 268,7 мың теңге.»;
7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
00147*
«7. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 39 160 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 9 312 мың теңге;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 2 804 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 503 467 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 286 143 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 505 133 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 59 366 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 29 110 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 320 019 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 147 609 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 323 648 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 25 430 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 6 736 мың теңге;
байланыс желілерінің құрылысына - 29 568 мың теңге;
ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға - 3 920 мың теңге;
ауданның коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыруға - 9 746 мың теңге;
өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекке - 122 370,6 мың теңге;
аудандық ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларға – 86 145 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
9- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2024 жылға арналған аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ауылдық округтер бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 320 019 мың теңге;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 775 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
10- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
елді мекендерді абаттандыруға – 130 609 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 15 552 мың теңге;
мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 13 360 мың теңге;
елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға – 19 850 мың теңге;
автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2187,4 мың теңге;
жол белгілерін орнатуға – 845 мың теңге;
еңбекақы төлеуге - 1046,7 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
11- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. 2024 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 270 936 мың теңге болып бекітілсін.».
|
Аудандық мәслихат төрағасы |
|
М.Турымов |