Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 1), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
«4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай – ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;».
|
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Турымов |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 13.06.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 8593-04 болып енгізілді
Результаты согласования
Иргизского районного маслихата - Руководитель аппарата Ерғазы Абатұлы Сермағанбетов, 10.06.2024 14:49:19, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Иргизского районного маслихата - Председатель маслихата Марат Орынжайұлы Турымов, 10.06.2024 14:50:39, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі