Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №85 «2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191234 болып тіркелген) №85 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 4 856 213,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 928 735 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 890 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 625 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 913 963,5 мың теңге;

2) шығындар – 6 022 482,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –169 328 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 195440 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 112 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -1 335 396,7 мың теңге;

6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 335 396,7 мың теңге;

қарыздар түсімі – 195440 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 26 112 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 1 166 268,7 мың теңге.».

00136*

8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 59 366 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 22 289 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 364 476 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 147 609 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 323 648 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 25 430 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 6 736 мың теңге;

байланыс желілерінің құрылысына - 29 568 мың теңге;

ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға - 3 920 мың теңге;

ауданның коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыруға - 9 746 мың теңге;

өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекке- 131 435,6 мың теңге;

аудандық  ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларға – 86 145 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;

10- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:

елді мекендерді абаттандыруға –130 609 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 15 552 мың теңге;

мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 11760 мың теңге;

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға – 19850 мың теңге;

автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге– 2187,4 мың теңге;

жол белгілерін орнатуға –1446,2 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Аудандықбюджеттемемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 2024 жылға жергілікті атқарушы органның кезекте тұрғандарға кейіннен жалға беру үшін дайын тұрған үйді сатып алуға 134 522 мың теңге қарыздар түсімікөзделсін.

Аталғанқарыздартүсімініңсомасынбөлуауданәкімдігіқаулысынегізіндеайқындалады.»;

11- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11.  2024 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 279 365 мың теңге болып бекітілсін.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудандық мәслихат

        төрағасы:                                                                        М.Турымов

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 июня 2024