ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 74 073 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 990 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 20 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 69 063 мың теңге;
2) шығындар – 86 518,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 445,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
12 445,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 445,9 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған Нұра ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 113 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 17 845 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. 2024 жылға арналған Нұра ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға – 19 850 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 1 600 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.»
|
|
|