Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 99 «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы №99 «2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 494 486,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 227 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 487 229,4 мың теңге;

2) шығындар –  495 621,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 134,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 134,8 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 1 134,8 мың теңге.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2024 жылға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

елді мекенді абаттандыруға – 34 097 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 20 417 мың теңге;

мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 11760 мың теңге;

автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2187,4 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.»

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

               Аудандық мәслихат

                       төрағасы:                                                  М.Турымов

 

 

Дата публикации
19 апреля 2024