ШЕШТІ:
1.Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қаңтардағы
№ 97 «2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістеренгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 158 754,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 43 610 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 803 теңге;
трансферттер түсімі – 109 241,2 мың теңге;
2) шығындар – 169 318,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10564,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
10 564,3 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 564,3 мың теңге.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2024 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық
бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
елді мекенді абаттандыруға – 51 912 мың теңге;
жол белгілерін орнатуға – 1 446,2 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
|
Аудандық мәслихат төрағасы: |
|
М.Турымов |