ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 4 287 876,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 648 735 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 876 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 625 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 625 640,9 мың теңге;
2) шығындар – 5 305 372,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 34 806 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 60 918 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 112 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -1 052 301,8 мың теңге;
6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 052 301,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 60 918 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 26 112 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 017 495,8 мың теңге.».
8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 59 366 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 22 289 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 364 476 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 147 609 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға – 252 906 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 25 430 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 6 736 мың теңге;
байланыс желілерінің құрылысына - 29 568 мың теңге;
ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға - 3 920 мың теңге;
ауданның коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыруға - 9 746 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
9- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2024 жылға арналған аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ауылдық округтер бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 364 476 мың теңге;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 775 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.»;
10- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
елді мекендерді абаттандыруға – 183 506 мың теңге
елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 22 017 мың теңге;
мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 11 760 мың теңге;
елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға – 19 850 мың теңге;
автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2 187,4 мың теңге;
жол белгілерін орнатуға – 1 446,2 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».
Аудандық мәслихат
|
төрағасы: М.Турымов |