Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6бабына,«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданындатұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы

 

М. Турымов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.03.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8545-04 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Иргизского районного маслихата - Руководитель аппарата Ерғазы Абатұлы Сермағанбетов, 27.03.2024 11:31:28, положительный результат проверки ЭЦП

Иргизского районного маслихата - Председатель маслихата Марат Орынжайұлы Турымов, 27.03.2024 11:33:26, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
04 апреля 2024