Ырғыз ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына,Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №393 қаулысына  сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ырғыз ауданындабөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы

 

М. Турымов

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 09.02.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8492 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Иргизского районного маслихата - Руководитель аппарата Ерғазы Абатұлы Сермағанбетов, 06.02.2024 12:57:53, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Иргизского районного маслихата - Председатель маслихата Марат Орынжайұлы Турымов, 06.02.2024 12:59:20, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Дата публикации
15 февраля 2024