Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес,Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
5) бұрынғы КСР Одағын қорғаукезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;
6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
7) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.
|
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
|
М. Турымов |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 12.02.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 8497 болып енгізілді
Результаты согласования
Иргизского районного маслихата - Руководитель аппарата Ерғазы Абатұлы Сермағанбетов, 09.02.2024 10:35:01, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Иргизского районного маслихата - Председатель маслихата Марат Орынжайұлы Турымов, 09.02.2024 10:36:26, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі