2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы

ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 4 115981 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 648 735 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 876 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 625 мың теңге;

трансферттер түсімі – 3 453 745 мың теңге;

2) шығындар – 4 115 981 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 34 106 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 60 918 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 26 112 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -34106 мың теңге;

6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –34106 мың теңге;

қарыздар түсімі –  60 918 мың теңге;

қарыздарды өтеу  – 26 112 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 0 теңге.

  2.Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

 жеке табыс салығы;

 әлеуметтік салық;

 аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;

республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024– 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес 2024 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция 1 344311 мың теңге сомасында көзделді.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте функциялардың берілуіне байланысты облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге - 74 286 мың теңге трансферт көзделсін.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі - 271 945 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ырғыз – 55 723 мың теңге;

Аманкөл – 35 256 мың теңге;

Қызылжар – 71 897 мың теңге;

Құмтоғай – 30 784 мың теңге;

Нұра – 29 655 мың теңге;

Тәуіп – 28 041 мың теңге;

Жайсаңбай – 20 589 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсетіні ескерілсін:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 60 918 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 39 160 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 10 165 мың теңге;

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 2 804 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 503 467 мың теңге;

 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 286 143 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 505 133 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 59 366 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 22 289 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 346 631 мың теңге;

           инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 55 940 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 252 906 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 25 430 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ауылдық округтер бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 775 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 346 631 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:

елді мекендерді абаттандыруға – 196 828 мың теңге

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 20 417 мың теңге;

мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 12 400 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органының резерві сомасы 14 905 мың теңге болып бекітілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

төрағасы:                 М.Турымов

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 января 2024