Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №202 «2023-2025 жылдарға арналған Тәуіп ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №202 «2023- 2025 жылдарға арналған  Тәуіп ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:            

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Тәуіп ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 67 546,6 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 902 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 64 634,6 мың теңге;

2) шығындар –  68 050,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -503,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
503,6 мың  теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 503,6 мың теңге.».

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2023 жылға арналған  Тәуіп  ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

еңбек ақы төлеуге – 2338 мың теңге; 

мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына – 12 294,6 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға – 18 451 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудандық мәслихат     төрағасы:

 

 

М. Турымов

 

 

Дата публикации
25 января 2024