Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №197 «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

1.Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 197 «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»  шешіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 246 533,2  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 22 323,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 389,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 039,8 мың  теңге;

трансферттер түсімі –  216 781,1 мың теңге;

2) шығындар –  286 556,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо  – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 40 023,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
40 023,1 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –40 023,1 мың теңге.».

4- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2023 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық

бюджет арқылы облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс- шараларды іске асыруға – 109 017 мың теңге;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2023 жылға арналған  Ырғыз  ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

еңбек ақы төлеуге – 4 286 мың теңге; 

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 34 720 мың теңге;

ауылдық округ әкімі аппаратын ұстауға – 39 200 мың теңге;

мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына – 784,4 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға – 4 630,0 мың теңге;

автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2 871,7 мың теңге.».

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат   

төрағасы:

 

 

М. Турымов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 января 2024