Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 199 «2023-2025 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №199 «2023-2025 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 88 383,7 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 060 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 84323,7 мың теңге;

2) шығындар –  88 684,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -300,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 300,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 300,9 мың теңге.».

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2023 жылға арналған  Қызылжар  ауылдық округ бюджетінде

аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

еңбек ақы төлеуге – 3 402 мың теңге;

автомобиль жолдарын орташа жөндеуге – 1 449,4 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 8 785,0 мың теңге;

көше жарығына ақы төлеу – 551,3 мың теңге;

әкімшілік ғимаратын газбен қамтуға – 0 теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат        

     төрағасы:

 

 

М. Турымов

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 января 2024