Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №187 «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың «2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176375 болып тіркелген) №187 шешіміне мынадай өзгерістеренгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 6 675 149 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 809 285,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 6 370 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –  1 428 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 858 065,4 мың теңге;

2) шығындар – 6 865 212,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 23 262 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 46 575 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 313 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5)_бюджет тапшылығы (профициті) – -213 325,9 мың теңге;

6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        213 325,9 мың теңге;

қарыздар түсімі – 46 575 мың теңге;

қарыздарды өтеу  – 23 313,5 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  – 190 064,4 мың

теңге.».

 5-2- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5-2. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 67 200 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға - 558 786 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 323 791 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

6- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 28 584 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 22 831мың теңге;

мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 1 035 мың теңге;

еңбек нарығын дамытуға - 162 877 мың теңге;

біліктілік жүйесін дамытуға –104 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 270 940 мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) қайта жаңғыртуға - 142 917 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 29 300 мың теңге;

ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 82 048 мың теңге;

көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға - 2 547 038 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 77 145 мың теңге;

ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға - 277 767 мың теңге;

ауданның коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыруға - 23 615 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2023 жылға арналған аудандық бюджет арқылы облыстық бюджеттен  ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 270 940 мың теңге;

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:

еңбек ақы төлеуге - 22 846,5 мың теңге;

ғимаратты ағымдағы жөндеуге - 5 552,7 мың теңге;

мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына - 41 658 мың теңге;

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға - 20 448,6 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 88 147,1 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыруға - 118 211 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін орташа жөндеуге - 1 449,4 мың теңге;

автомобиль жолдарын орташа жөндеуде жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге – 2 871,7 мың теңге;

ауылдық округ әкімі аппаратын ұстауға – 39 200 мың теңге;

бейнебақылау қондырғысын орнатуға – 2 340 мың теңге;

сметалық есептер әзірлеуге - 1 195,5 мың теңге;

жерге орналастыру құжаттарын әзірлеуге – 918 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.».

 9 - тармақ алынып тасталсын.

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

            Аудандық мәслихат

            төрағасы:                     М.Турымов

 

 

 

Дата публикации
25 января 2024